

Индирa Садыбекқызы Рыстина
ЕҰУ сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – Басқарма мүшесі
Білімі
Индира Садыбекқызы Рыстина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітіріп, саясаттану мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелерін алған. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің иегері, қауымдастырылған профессор (доцент).
Scopus деректер базасына енген импакт-факторлы журналдарда, республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар материалдарында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында 40-тан астам ғылыми жарияланымдары жарық көрген.
Кәсіби жолы
Индира Садыбекқызы Рыстина еңбек жолын 2004 жылы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында педагог-ұйымдастырушы ретінде бастаған. 2008–2009 жылдары Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінде құқық және қоғамтану пәнінен сабақ берді.
2011 жылдан бастап оның кәсіби қызметі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен байланысты. Әр жылдары түрлі ғылыми-әкімшілік және басшылық лауазымдарды атқарды.
2021 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі. 2022 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары лауазымына ауыстырылды.2023 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде меңгерушінің орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамында болды.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
2025 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
