ЕҰУ Отан қорғаушылар күнін атап өтті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
ЕҰУ ер азаматтарына арналған құттықтауды Цифрландыру жөніндегі проректор – цифрландырудың нағыз майталман маманы Гүлмира Бекманова оқып берді:
«Университеттің қыз-келіншектері атынан өз үлгілерімен бізді ғылымда, оқуда және күнделікті өмірде ерліктерге шабыттандыратын ЖОО-ның барлық ер-азаматтарына үлкен алғыс білдіргім келеді. Сіздердің батылдықтарыңыз бен табандылықтарыңыз студенттер үшін, біз үшін қашанда үлгі-өнеге. Сіздердің антқа адалдық танытып, міндетке берілгендіктеріңіз – біздің ортақ қауіпсіздігіміздің негізі. Сіздерді бүгінгі айтулы мереке – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасына жылулық және бақ-береке тілейміз! Өмірлеріңіз жарқын оқиғалар мен жетістіктерге толы болсын! Жақындарыңыздың қолдауы әрқашан шапағатқа бөлесін! Еңбектеріңіз үшін, Отан қорғауға күн сайын үлес қосып, өмірімізді қауіпсіз әрі тұрақты етіп жатқандарыңыз үшін рахмет! Бастарыңыздағы бейбіт аспан әрқашан еңбегіңіз бен мақтанышыңыз болсын!».
Қалыптасқан дәстүр бойынша ЕҰУ-дың әдемі де нәзік жартысы мерекелік концерт дайындады. Бұл күні университет қызметкерлері вокалдық және хореографиялық қабілеттері мен таланттарын көрсете отырып, әртістердің рөлін сомдап та көрді. Көрермендер көптеген қызықты да әдемі жарқын орындалған нөмірлердің куәсі болды. Мерекелік залдың атмосферасын HR бөлімі ұйымдастырған интерактивті ойын жандандырды. Ал шараның ең тамаша сәті – ЕҰУ баспасөз қызметі дайындаған «ЕҰУ-дың танымал 3 тұлғасы» бейнеролигі болды.