Ғалым Рәтбай Мырзақұлов оныншы жыл қатарынан ҚР профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингін бастап келеді
Еуразия ұлттық университетінің 16 ғалымы 2023 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жасаған ҚР профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингіне енді.
Рейтингті ҚР ҰҒА академигі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Еуразиялық халықаралық теориялық физика орталығы» ҒЗИ директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рәтбай Мырзақұлов оныншы жыл қатарынан ҚР профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингін бастап келеді.
Рәтбай Кағазұлы 15 100 ұпай жинап, екінші орын иегерін 5 725 ұпаймен жеңіп алды.
Тізімнің алғашқы ондығына PhD докторы, Халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар мен технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Артем Козловский, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ядролық физика, жаңа материалдар мен технологиялар кафедрасының доценті Максим Здоровец, физика-техникалық факультетінің «Техникалық физика» кафедрасының оқытушы-зерттеушісі Талғат Инербаев кірді.
ТОП - 50 құрамында физика-математика ғылымдарының докторы, «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» кафедрасының оқытушы-зерттеушісі Қайрат Күтербеков, «Техникалық физика» кафедрасының оқытушы-зерттеушісі Әбдіраш Ақылбеков, PhD, Халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар мен технологиялар кафедрасының оқытушы-зерттеушісі Дмитрий Шлимас, Халықаралық ядролық физика кафедрасының меңгерушісі Қасым Жұмаділов, «Техникалық физика» кафедрасының зерттеуші профессоры Алма Дәулетбекова, PhD, Жалпы және теориялық физика кафедрасының доценті м.а. Шынар Мырзақұл, физика-математика ғылымдарының кандидаты Зерекбай Әліқұлов, доцент зерттеуші, ф.-м. ғ.к. Қайрат Мырзақұлов, ҚР ҰҒА академигі, Жасуша биологиясы және биотехнология институтының директоры, молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі Рахметқажы Берсімбай, ҚР ҰҒА академигі, математик, профессор Рысқұл Ойнаров, ф.-м. ғ.к., «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының доценті Гүлғасыл Нұғманова, PhD докторы, «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының доценті м.а. Гаухар Шайхова бар.
Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, академик Рәтбай Мырзақұлов Стэнфорд университетінің нұсқасы бойынша «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» рейтингіне енгенін атап өткен жөн.
2022 жылы ғалым ғылыми жетістіктері үшін физика және астрономия бойынша халықаралық Scopus сыйлығымен марапатталды. Қазіргі уақытта профессор Мырзақұловтың Scopus бойынша Хирш индексі 47-ге тең.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рәтбай Мырзақұлов – 400-ден астам ғылыми жұмыстардың, 300-ден астам мақалалардың авторы, еңбектері импакт-факторы жоғары шетелдік журналдарда жарияланған.
ҚР профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингіне ЕҰУ-дың 16 ғалымы мен оқытушысы кірді.
Құттықтаймыз!