Елордада мыңдаған түлектер ҰБТ тапсыруда
ҰБТ тапсыратын оқушылардың жалпы санынан 196 оқушы «Алтын белгі» медаліне, 89-ы ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер.
Қалалық мектеп оқушылары бірыңғай емтиханды 2, 4, 6 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінде, ал 3, 5 маусымда Қазақ гуманитарлық заң университетінде тапсырды.
Еске салайық, шекті деңгейге (50 балл) қол жеткізе алмаған оқушылар басты ұлттық емтиханды тамыз айында ақылы негізде қайта тапсыра алады. Тестілеуді қайта тапсыру құны — 2242 теңге.
Источник: https://i-news.kz/news/2016/06/06/8318254-elordada_myndagan_tylekter_ybt_tapsyruda.html