
Элиталық университет болу үшін Еуразиялық университет барлық қажетті талаптарға жауап береді. Қазақстан жоғары оқу орындарының бәрінде Еуразия университетіндегідей оқу базасы жоқ екенін сеніммен айта аламын, ТМД елдерінде де осы университет тәрізділерді сирек көріп жүрмін. Л.Н.Гумилев атындағы университет ең жоғары сапалы кәсіби маман даярлайтынына үміттенемін және сенемін.
* * *
Мен тұрақты түрде Еуразия университетіне назар аударып жүрмін, бұдан әрі қарай да солай болады. Университет студенттері Сіздерден жоғары деңгейдегі маман болу үшін, Отанымыз Қазақстан Республикасына еңбек ету үшін табанды оқу талап етіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев
2003 жылы 9 сәуірде
ЕҰУ-дің оқу-зертханалық
ғимаратының ашылу сәтінде сөйлеген сөзінен