26.10.2021
ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістіктер көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрамы қатыса алады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
2021 жылдың 1-15 қарашада жоғары оқу орындағы кезең;
2021 жылдың 17 қарашадан республикалық кезең.
Конкурсқа құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылады. Оларды ЖОО қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдерінен тұратын сараптамалық топ мүшелері тексереді. Комиссия сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарып, үміткерлердің құжаттамасын республикалық кезеңге қатысуға жібереді.
Бақылау күндері
1 - 6 қараша 2021 жылы – ҚР БжҒМ АЖ-ға үміткерлер құжаттарды толық жүктеу;
7 - 9 қараша 2021 жылы – сараптама тобының жұмысы;
10 қараша 2021 жылы – сараптама тобының қорытындысы;
11 қараша 2021 жылы – сараптама тобының қортынды нәтижелерін университетішлік комиссияға ұсыну;
11 қараша 2021 жылы – университетішлік комиссия отырысы;
12 қараша 2021 жылы – комиссия шешімін университет сайтында жариялау;
13 қараша 2021 жылы – үміткерлердің өтініштерін апелляцияға ұсыну және апелляция комиссиясының жұмысы;
15 қараша 2021 жылы – «ЖОО Үздік оқытушысы» конкурсының 2-ші республикалық кезеңіндегі үміткерлердің құжаттарын (ҚР БҒМ) өткізу. Ескертпе: Үміткерлер және жауапты тұлғалар көрсетілген мерзімді ескерулері қажет.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлер ағымдағы жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БҒМ АЖ) арқылы немесе қағаз тасығышта келесі конкурстық құжаттамаларын жібереді:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы - "Әділет" АҚЖ (zan.kz) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010506
Университеттен тыс комиссияның хаттамасы
Апелляцияны ескергендегі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына үміткерлердің ұпайлары