24.06.2022
Өтетін күні: 27.06.2022ж. сағат 10.00
Өтетін орны: Қ.Сәтбаев көшесі, 2, ЕҰУ бас ғимараты, 208 ауд.
27 маусым күні сағат 10: 00-де ҚР-дағы Балалар жылы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазіргі қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау келешегі» атты бірінші халықаралық фестиваль өтеді.
Іс-шараға ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, ҮЕҰ мен жеке қорлардың басшылары, Өзбекстан, Грузия, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясынан мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарымен бірге 125 адам қатысады.
Форумның мақсаты – инклюзивті білім беруді дамыту, даму ерекшеліктері бар балаларды әлеуметтендіру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудың тиімді әдістерін, оның ішінде «Даун синдромы» диагнозын талқылау.
Форумға қатысушылар мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтік, қаржылық қамтамасыз ету және осы салалардағы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру саласында пікір алмасып, тәжірибе бөліседі.
Сондай-ақ, фестиваль аясында түрлі елдердің балалары үшін мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұйымдастырылып, мамандардың қатысуымен мотивациялық фильмдер мен мультфильмдер, арт-терапия көрсетіледі.
Форум қорытындысы бойынша оқу-әдістемелік құрал шығарылады.
Аккредиттеу үшін: 8 702 36 36 005