2010 жылдың қазан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Болашақтың ғылымы» атты халықаралық ғылыми конгресс өтеді.
Онда мынадай мәселелер қарастырылатын болады:
- Еуразиялық ғылыми және білім беру кеңістігін дамыту;
- Білім мен ғылымды дамытудың заманауи үрдістері;
- Зерттеу университеттері: уақыт талабы;
- Білім экономикасына арналған мамандарды дайындау;
- Ғылым мен білімнің жеделдігі: ХХІ ғасырдағы университеттердің дамуы және әріптестік байланыс;
- Ғылыми зерттеулердің және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды коммерциализациялау нәтижесі – болашақ экономикасын дамытудың негізі.
- Тиімді ұлттық инновациялық жүйелерді қалыптастыру;
- Бірлескен инновациялық жобаларды дамыту.
Конгреске қатысам деушілердің өтінімдері мен баяндамаларын ұйымдастыру комитеті 2010 жылдың 30 шілдесіне дейін мына электронды поштаға Gauhar.Ramazanova@kaznu.kz қабылдайды.
Осы мерзімге дейін мына сайтта http://conf.kaznu.kz/ISECSF-2010 электронды тіркеу жұмысы жүзеге асырылады. Осы сайттан конгресс туралы ақпаратты, баяндама тезисін толтыру үлгісін алуға болады. Баяндамалар жинағы конгресс болғанға дейін жарияланады. Конгреске шақырту қағазы үш апта бұрын жіберіледі.
Конгресті ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.
Тел.: +7 (727) 3773312 (Ғылым және инновациялық жұмыстар департаментінің директоры Могильный Валерий Валентинович), +7 (727) 3773330 (ішкі. 1159 –Ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің бастығы Жакенова Қарлыгаш Аманбекқызы).
Факс: +7 (727) 3773344
E-mail: Gauhar.Ramazanova@kaznu.kz, Karlugash.Zhakenova@kaznu.kz