9 Февраля 2016
2016 жылдың 29 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің кәсіби практика жетекшісі О.Қ. Қилыбаева, карьера және бизнес-әріптестігі бөлімінің бас маманы К.Қ. Маусымбаева, азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы Б.Т. Адышев, халықаралық қатынастар кафедрасының доценті А.М. Құсаинова, сонымен қатар «Саясаттану», «Халықаралық құқық», «Құқықтану», «Аймақтану», «Әлеуметтану» мамандығының 4 курстың 21 студенттері Қазақстан Республикасы Сенатының 20 жылдығына арналған іс-шараға қатысты.
20 жыл бұрын 1996 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы кәсіби Парламентінің бірінші сессиясын ашқанын білеміз.
Біраз жылдан бері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты ЕҰУ-дың студенттерінің кәсіби практиканың базасы болып табылады.
Осы іс-шараны ҚР Аппарат Сенатының қызметкерлері (ҚР Парламентінің Аппарат Сенатының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Д.К. Шайменова; ҚР Парламентінің Аппарат Сенатының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмысының бас кеңесшісі Б.К. Дүйсенбина; ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмысының бас кеңесшісі Л.С. Еспаева ҚР Парламентінің Сенатының басты сессия залдарымен таныстырып және кітапханамен экскурсия ұйымдастырылды.
Негізгі іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2004-2007 ж. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, 2007-2013ж. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі) Бірғаным Әйтімова Сарықызымен кездесу өтті.
Ханым Б.С. Әйтімова кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің көшбасшы ретінде – Қазақстан Парламенті 20 жылда толық жоғарғы заң шығарушы және өкілді органы ретінде қалыптасқан және мемлекеттік биліктің жүйесінде лайықты орын алғандығын, депутаттар еліміздің тәуелсіздігін нығайту жөніндегі маңызды жұмыстар атқаратындығын, реформаларды табысты іске асыруға белсенді қатысатындығын атап өтті.
Студенттер ерекше қызығушылықтарын танытып, жастар саясаты және ҚР Парламенті Сенатының қызметі жайында сұрақтар қойды.