9 Февраля 2016
2015 жылы 27 қазанда ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.
Академиялық мәселелер департаментінің директоры Ш.Б. Палымбетов «2015 жылғы бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу мониторингі» тақырыбында баяндама жасады.
Ш.Б. Палымбетов өзінің баяндамасында білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2015 жылы бітіруші түлектердің 85,4%-ы жұмыспен қамтылғанын атап өтті.
Мұндай нәтижеге жүйелі жұмыс жасау арқылы келді. Айта кетер болсақ, ЖОО түлектерін жұмыспен қамту және жұмыс берушілермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге бағытталған іс-шаралар жоспарын бекітті. Білім алушылар мен бітіруші түлектерді жұмыс берушілермен байланыстырудың ең тиімді жолы бос орындар жәрмеңкесінің өткізілуі.
Бос орындар жәрмеңкесіне 2014 жылы шамамен 140 кәсіпорын, 2015 жылы 230 компаниялар мен кәсіпорындар қатысқан, бұдан көретініміз бос орындар жәрмеңкесіне қатысатын жұмыс берушілердің саны жылдан-жылға артып келе жатқандығы.
Бітіруші курстарда жұмыспен қамту бойынша бизнес пен студенттер арасында «дөңгелек үстелді» танымал диалог форматында, компанияларын таныстыру үшін ұйымдардың өкілдерімен кездесу, студенттер мен түлектерге арналған шеберлік сыныптары болды.
Жұмыс берушілердің белсенді қатысуымен кәсіби практикадан өту кезінде кәсіпорындармен түлектердің жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында ынтымақтастық келісім-шарт жасасты. Бұл жұмыс тұрақты түрде жүзеге асырылады. Жыл сайын компаниялар мен ұйымдармен жаңадан ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасалады. Үш жылдық динамикаға қарасақ, ұзақ мерзімді келісім-шарттар соның ішінде, жұмыспен қамту бойынша жасасқан келісім-шарттардың саны жыл сайын өсіп отырғанын көрсетеді.
Тұрақты негізде университеттің сайтында мамандықтар, кадрлар дайындау, бітіруші түлектердің университеттегі үздік түйіндемелерін, білім алушылармен мен бітіруші түлектердің шамамен рекрутингтік оқиғалары туралы ақпарат (сілтеме: http://www.enu.kz/ru/karera).
Жұмыс берушілердің қанағаттану деңгейін анықтау үшін және кәсіби даярлау сапасын арттыру жұмыс берушілерге сауалнама жүргізіледі.
2015 жылғы сауалнамаға 120 жұмыс берушілер қатысты. Жұмыс берушілердің ЖОО түлектерінің оқу сапасына қанағаттану деңгейі 84% -ды құрады.
Сондай-ақ, Ш.Б. Палымбетов кәсіпорындар мен мекемелерде филиал кафедраларын құру университет пен өндірісті жақындастырудың маңызды екендігін атап өтті. Қазіргі уақытта кафедраларда 47 филиал жұмыс атқарып жатқандығын айта кетті.
Барлық осы шаралар бітіруші түлектер мен жұмыс берушілермен байланыстарды құруға айтарлықтай үлес қосты және біздің университеттің бітіруші түлектерін жұмыспен қамту белгілі көрсеткіштерге жетіп отыр.