27 Апреля 2017
2017 жылдың 26 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Табысқа апарар жол» атты алғашқы Жұмыс берушілер форумы өтті, оған 150 компания мен университетіміздегі жаратылыстану және техникалық саланың 3000-ға жуық түлегі қатысты.
Форумда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «BI Holding» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «HyundaiPremiumAstana» ЖШС, «Астана Құрылыс сервис» ЖШС, «Астанателеком» ТҚО, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі, Астана қ. Ұлттық биотехнология орталығы және басқа дакөптеген жетекші отандық компаниялар менұйымдар қатысты.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің бірінші проректоры – оқу ісі жөніндегі проректоры Ә.А. Молдажанова құттықтау сөзінде форум қатысушыларын университет түлектерінің сұраныс көрсеткіштерімен таныстырып өтті. Осылайша, проректор өз сөзінде елімізде белгілі «BI Group» құрылыс компаниясы қызметкерлерінің 70%-дан астамы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түлектері екенін, ҚР Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама бойынша оқу бітірген алғашқы мамандардың 95 %-ы жұмысқа орналасқанын айтты.
Бұған қоса, Ә.А. Молдажанова жастардың өзін-өзі дамытулары үшін университетте барлық жағдайдың жасалып жатқанын тілге тиек етті: стартапаймақтар, жастардың бизнес-инкубаторы, коворкинг-орталықтар және т.б. Бірінші проректор болашақ мамандарға үнемі сұраныста, өз істеріне адал болуға, өзін-өзі шыңдап, қол жеткізген жетістікке тоқтамай, келешекте де биік белестерді бағындыра берулері туралы тілек білдірді.
Сонымен қатар іс-шара барысында түлектерді жұмысқа орналастыруда белсенді жұмыс атқарған университет қызметкерлері марапатталды.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖҚЗ жүйесі ғарыштық байланыс орталығының директоры Айдар Қуатбаев Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен жасалған серіктестік туралы айтты. Ұлттық компания өкілінің айтуынша, түлектердің біразы «ҚазақстанҒарышСапарында» еңбек етеді, студенттердің біршама бөлігі жылдағы практикадан өтеді, ал компания мамандары университетте сабақ беріп, өздері де ЖОО-да білім алады.
Сонымен қатар А. Қуатбаев студенттердің теориялық тұрғыдан ғана білім алып қоймай, ғарыштық бұйымдарды жинау мен сынақтан өткізуге қатысу кезінде кәсіби дағды алу мақсатында Ғылыми-өндірістік орталықтың құрылғанын мәлімдеді.
«LED Solution» ЖШС басшысы Қаныбек Айтақов болашақ түлектерге жандарына жақын жұмыс табуға, тәжірибе алудан қорықпауға және бірден үлкен жалақысы бар жұмыс іздемеуге кеңес берді.
Форум барысында Астана №4 автопаркінің директоры Есенғазы Әлмағанбет, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі – «Астанақ. Медициналық университеті» АҚ жастар ісі жөніндегі деканы Алтынбек Нұрмұханов сөз сөйледі.
«Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының 4-курс студенті Жансая Бижанова еліміздегі жас ұлттық университетте оқу туралы әңгімелейотырып, оқытушылардың жоғары кәсіби дайындығын, жұмысқа орналасуға, шетел мен жетекші қазақстандық кәсіпорындарда практика өтугемол мүкіндіктердің бар екені туралы айтты.
Жұмыс берушілердің бірінші форумын қорытындылай келе, Еуразия ұлттық университетіндегі карьера және бизнес-әріптестік бөлімінің атқарған жұмысын атап өтпеске болмайды: мұнда жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс істеу мен серіктестік қарым-қатынасты нығайтудың жаңа формалары әзірленіп, жүзеге асырылады. Бұл жұмыстардың тиімділігі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де іс жүзінде дәлелін тапты: «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясында, «Қазгидромет» РМК, ҚР Ұлттық музейінде бірнеше рет көшпелі семинарлар, Жұмыс берушілер кеңесінің көшпелі отырысы өткізілді.
Форум жұмыс берушілердің түлектер және жоғары курс студенттерімен сұхбат жүргізулерімен жалғасты.
Өзара тиімді ынтымақтастық жүргізу мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жұмыс берушілер кеңесі құрылғанын атап өткен жөн, оның құрамына бизнес-құрылым өкілдері, университеттің білім беру мекемелері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енген. Алғашқы отырысы 2016 жылдың наурызында өтті. Бүгінгі таңда Еуразия ұлттық университетінің жұмыс берушілер қорында 840-қа жуық кәсіпорын мен ұйым бар.
Жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен сараптауға белсенді қатысады, студенттердің кәсіптік практикасына жетекшілік, дипломдық және магистрлік жұмыстарға қосалқы жетекшілік жасайды, сондай-ақ олар факультеттердегі түлектерді жұмысқа алдын ала бөлістіру бойынша комиссия мүшелерінің құрамына ене отырып, олардың болашақта жұмысқа орналасуына ықпал етеді.
Университет қызметінің тағы бір маңызды бағыты кәсіпорындар тапсырысы бойынша кадрлар дайындау болып табылады. Университет мақсатты даярлау туралы келісім жасау арқылы нақты кәсіпорынға қажетті мамандарды дайындайды. Осы оқу жылында ЕҰУ-де бейіндік магистратураның екі мамандығы бойынша алғашқы түлектердің оқу бітіргенін атап өткен жөн: 6М073000-«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» ‒ 112 білім алушы, 6М074600-«Ғарыштық техника және технологиялар» ‒ 73 білім алушы.
Университет пен өндіріс бірлестігінің нығаюында кәсіпорындар мен ұйымдар негізіндегі кафедра филиалдарының жұмыс жүргізуі үлкен рөл атқарды.
«BI Group» холдингінің «7-Я» құрылыс нысанында, Ақкөл қ. «Ғарыштық байланыс республикалық орталығы» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және т.б. базасында техникалық бағыттағы мамандық білім алушылары мен түлектеріне арналған «көшпелі семинар-кеңес», мастер-кластар өткізу бизнес-құрылым мен университет арасындағы тиімді сұхбат алаңдарының біріне айналды.