18 Мая 2018
Университетіміздің түлектерінің бітіру кезінде ғана жұмысқа орналастыруды қалыптастырып қоймай, студенттердің жұмыс тәжірибесін игеру, болашақта жұмысқа орналасу факторы ретінде оқу процесі барысында студенттердің жұмыс берушілермен тығыз байланысы үшін жағдай жасалуда. Осының айғағы ретінде 2018 жылы 11 мамырда Әлеуметтік ғылымдар факультетінің биылғы жылы бітіруші түлектерін жұмыс орындарына бөлістіру шарасы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс шараны өткізу барысында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ–дың стратегиялық даму проректоры С.З. Канаев, карьера және бизнес әріптестік бөлімінің бастығы Л.С. Алдашева, бөлім қызметкелері Г.М. Жунусжанова, К.К. Маусымбаева, факультет деканы Б.Б. Қашхынбай, барлық кафедра меңгерушілері, факультеттегі бітіруші түлектерді жұмыспен қамту жұмысына жауапты Айкинбаева Г.К және кафедра жауаптылары, топ кураторлары мен эдвайзерлері қатысты.
Факультеттің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Философия», «Әлеуметтану», «Дінтану», «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының биылғы оқы жылында университетімізді бітіруші студенттер, магистранттар мен PhD докторнаттары толық қатысты.
Шараға жоғарыда аталған кафедралардың жұмыс берушілері белсене ат салысты, олар: Ақмола облысы, Жібек Жолы аулындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы мектеп директоры Галия Хасеновна, Астана қаласының №80 мектеп директордың орынбасары Аманова Төленді Советбековна, №48 мектеп директорының орынбасары Әбдікеримова Нурхан Советовна, өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Смагулова Назгүл Бекзановна, «Talantiz» компаниясының HR менеджері, университетіміздің түлегі Чичерова Розалина Викторовна, Дін проблемаларын зерттеу институтының жұмыс берушісі Серікбаева Гүлмира Иманалықызы, Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Ескакова Алия Елубаевна, КГУ «СДЮСШОР №3» референті Шубаева Айгуль Сайлаубаевна.
Жұмыс берушілер қажетті мамандар керектігін айтып, пікір алмасып, түлектердің сауалдарына жауап беріп, бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі.