26 Сентября 2018
«Туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен 2017–2018 оқу жылының 5В090200 – «Туризм» мамандығының білім алушылары жазғы практиканың қорытынды есебін қыркүйек айының 21 күні «Rixos President Astana» қонақ үйінде өткізді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ФАО «Файн Отель Туризм Ишлетмеджилик» «Rixos President Astana» отелімен 2008 жылдан бері ынтымақтастықпен жұмыс істеуде. Екі жақты тиімді әрі табысты ынтымақтастықтың жалғасы ретінде, «Туризм» мамандығының 1, 2, 3 курс студенттерінің оқу-өндірістік практикадан өту есебінің конференциясы өткізілді.
Қорытынды есепте мамандық студенттері презентациялық баяндама жасап, қорғады. Атап айтсақ, 1 курстар Зеренді елді-мекеніндегі «Тұмар» оқу сауықтыру орталығында өткізген оқу-жаттығу жорығын қорғаса, 2 курс студенттері «Hilton Astana», «Rixos President Astana» «Марриотт Астана», «St. Regis» 5 жұлдызды қонақ үйлерінде «Kazunion» туроператорлығында және «Алжир» музейінен өндірістік практикасынан өтіп, үздік презентацияларын қорғай білді. 3 курстар Омбы қаласындағы халықаралық практикасы және Алматы қаласындағы оқу практикасы жайында студенттер өздерінің кезекті баяндамаларын ойдағыдай қорғады.
Сонымен қатар, биылғы жылы барлық практика түрі бойынша суреттер көрмесі жасалынып, ерекше қызығушылыққы ие болды.
Конференцияға Экономика факультетінің оқу ісі жөніндегі орынбасары С.К. Тажикенова, «Туризм» кафедрасының меңгерушісі А.А. Дүйсембаев, кафедрада практика жетекшісі Б.Ж. Шарапаева, кафедра оқытушылары мен 1 курс студенттері, университеттің «Карьера және бизнес әріптестік» бөлімінің практика жетекшісі У.К. Килибаева мен бөлімнің бас маманы К.К. Маусымбаева, сонымен қатар, «Rixos President Astana» қонақ үйінің бас директоры Тансел Терджан мырза мен «Операциондық» менеджері С.Б. Исагалиев қатысты.
Конференция соңында, «Туризм» кафедрасының меңгерушісі А.А. Дүйсембаев, экономика факультетінің оқу ісі жөніндегі орынбасары С.К. Тажикенова, «Карьера және бизнес әріптестік» бөлімінің практика жетекшісі У.К. Килибаева «Rixos President Astana» қонақ үйінің басшылығы мен ұжымына конференция өткізуге белсенділік танытқандары үшін алғыстарын білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі.