9 Октября 2018
Erasmus + «Жаңа әлеуметтік ортаға - ENINEDU 574060-EPP-1-2016-KZ-EPPKA2-CBHE-SP-ке - сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды біріктіруді жетілдіру» жобасы аясында Мансаптық және іскерлік серіктестіктер бөлімінің бастығы Л. С. Алдашева және Шетел тілдері теориясы мен тәжірибесі кафедрасының меңгерушісі Ж.А. Бейсембаева Шопрон университетінің докторанттарымен, студенттерімен және экономика мамандықтарының оқытушыларымен кәсіби тәжірибе алмасу семинарына қатысты.
Семинар талқысының мақсаты әріптес-университетте бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибе алмасу болды. Талқылау барысында ЕҰУ өкілдері қазақстандық студенттердің диплом алды практикасы мен кәсіптік практикасының қалай өтетіні туралы әңгімеледі. Талқылау қорытындысы бойынша екі серіктес жоғары оқу орындарында кәсіби практиканы жүргізуде параллельдер табылды: соңғы семестрде барлық Шопрон студенттері жұмыс орнына барып оқудан уақытша босап, дипломға дейінгі тағылымдамадан өтеді, сонымен қатар зерттеу жүргізіп, дипломдық жұмыстарын жазады. Студенттер практика базасын өздері табады немесе университеттері тағайындаған орындарға барады. Венгрия университетінде 4 жыл бойы білім алып жатқан докторанттар да 1-ші және 2-ші курстарда кәсіби тәжірибеден өтеді.
Кәсіби тәжірибе орнын анықтау докторлық диссертацияның мақсаттарымен тікелей байланысты. Шопрон университеті студенттермен әңгімелесу Шопрон университетінде оқып жатқан екі ресейлік студент Александр Сучков пен Елена Верлованың проекті баяндамасымен жалғасын тапты. Олар Венгрияда START-UP жобасын іске асыру туралы айтты. Спикерлер Шопронда және Будапештде өздерінің шағын бизнесі «Candy Crafts-ті» жүзеге асыру барысында қандай қиындықтар мен нюанстардан өткенін баяндап берді.