6 Ноября 2018
2018 жылғы 6 қараша күні сағат 16:00-де бас ғимараттың 259-аудиториясында Түлектер офисінің ұйымдастыруымен IT мамандықтарының 1 курс студенттеріне арналған мастер-класс өтті. Мастер-классқа физика-техникалық, ақпараттық технологиялар факуьтеттерінің білім алушылары қатысып, ерекше қызығушылық танытты. Болашақ маманның саласымен тығыз байланысты мастер-классты VD Company-дің кәсіби мамандары жүргізді.
Сөз соңында, Карьера және бизнес-әріптестігі бөлімінің бастығы Л. Алдашева мен бас маман М. Прекешева студенттерге Түлектер офисінің жұмысымен қысқаша таныстырып, бірінші курстан бастап білім алушыларды жұмыс берушілермен байланыстыру басты мақсатымыз екенін жеткізді.