6 Декабря 2018
2018 жылдың 6 желтоқсанында Карьера және бизнес-әріптестік бөлімі мен түлектер офисінің бірлесе ұйымдастырумен «ШАГ» Компьютерлік Академиясының өкілдері ЕҰУ студенттерімен кездесті.
ШАГ Компьютерлік Академиясы – компьютерлік білімді мамандандыратын халықаралық оқу орны. "ШАГ" ірі авторизацияланған оқу орталығы өз командасына IT саласының жас мамандарын жұмысқа шақырады.
Академия командасына қосылу үшін бірнеше кезеңнен өту қажет:
1. Сұрақтарға жауап беруге дайын болу;
2. Сыналатын сабақ (Сабақтың тақырыбы пәнге байланысты беріледі);
Сыналатын сабақты бағалау критерийлері:
- Сабақ жоспары;
- Презетация, тақтамен жұмыс;
- Балалармен жұмыс жасау (оқытудың ойын түрін пайдалану);
- Коммуникативтік компонент (мұнда мінез-құлық және дауыс сипаттамалары кіреді);
- Практикалық және өзіндік жұмыс;
- Үй жұмыстары;
- Жалақы 100 000 теңгеден басталады.
Компьютерлік Академия біздің студенттерді кәсіби командаға қосылуға және тәжірибе жинақтауға шақырады.