11 Декабря 2018
2018 жылдың 7 желтоқсанында Карьера және бизнес-әріптестігі бөлімі Түлектер офисінің ұйымдастыруымен «EFES Kazakhstan» компаниясының өкілдері ЕҰУ-дың студенттерімен кездесті. Қазіргі уақытта компанияның 3 зауыты бар, олардың екеуі Алматы облысында және біреуі Қарағанды қаласында орналасқан. Қазақстан бойынша 900-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған Компания студенттерді жылына екі рет, қыс және жаз мезгілдерінде ұйымдастырылатын практикаға шақырады.
Компанияның өкілі Мадина Сергазина өз презентациясында EFES Kazakhstan командасына қосылу шарттарымен таныстырып өтті:
1. Резюме жіберу;
2. Телефон арқылы сұхбат;
3. SHL халықаралық тестілеуден өту;
Барлық кезеңнен сүрінбей өткен кандидатты бөлім бастығы сұхбатқа шақырады.
EFES ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА:
- Студенттердің нақты еңбек жағдайына бейімделуі;
- Білікті мамандарды даярлау;
- Теориялық білімді тексеру және бекіту;
- Технологиялық процестерді меңгеру, кәсіби дағдыларды игеру;
- 2014-2018 жылдар аралығында шамамен 200 студент практика мен тағылымдамадан өтті.
Сондай-ақ, Сіз www.efeskazakhstancareers.kz. сайтына сұраным қалдыра аласыз.