19 Декабря 2018
2018 жылғы 12 желтоқсан күні Еуразия ұлттық университеті Экономика факультетінің студенттері Қазақстан даму банкі басшылығымен кездесті.
Презентация барысында ҚДБ Басқарушы директоры Ботагөз Әбішева банктің жұмыс жүйесімен, аспектілерімен таныстырып өтті. Сондай-ақ, басқа банктердегі бизнес-үдерістердің айырмашылықтары туралы айтып, болашақ қаржыгерлер мен банкирлердің көптеген сұрақтарына жауап берді.
Банк басшылығы Еуразия ұлттық университетінің білім алушыларын практика мен тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинау мүмкіндігінің барын айтты.
Сондай-ақ, Банк өкілдері «Білім беруді қолдау» бағдарламасы аясында «Қазақстан Даму Банкі АҚ-ның Тәжірибе» қайырымдылық жобасымен таныстырды.
Жобаның мақсаты - еліміздің техникалық мамандықтарының талантты түлектерін және студенттерін қолдау, кәсіби білім беру деңгейін көтеру, Қазақстан Республикасының озық өнеркәсіптік кәсіпорындарының жетістіктерін насихаттау.
Конкурсқа келесі мамандықтар қатыса алады:
• Пайдалы қазбаларды өңдеу;
• Механика;
• Металлургия;
• Электр энергетикасы;
• Автоматтандыру және басқару;
• Есептеу және бағдарламалық қамтамасыз ету;
• Ақпараттық жүйелер;
• Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;
• Органикалық заттардың химиялық технологиясы;
• Технологиялық машиналар және жабдықтар (мұнай-газ өнеркәсібі);
• Мұнай-газ ісі («Мұнай-газ және мұнай-химия салаларында жабдықтарды жөндеу және жөндеу» бағдарламасы);
• Стандарттау, сертификаттау және метрология;
• Ғарыш техникасы және технологиясы;
• Ядролық физика
Толық ақпаратты ЕҰУ-дың Академиялық мәселелер Карьера және бизнес-әріптестік бөлімінен алуға болады.