20 Февраля 2019
2019 жылғы 15 ақпан күні Старосталар кеңесінің мүшелері Еуразия ұлттық университеті жанындағы Жастар бизнес-инкубаторының басшылығымен кездесті.
Іс-шараның басты мақсаты - кәсіпкерліктің негізгі іргетасымен таныстыру, университетіміздің білім алушыларына арналған бизнес саласындағы мүмкіндіктер туралы ақпарат беру, үздік деген жобаларды таңдау және жүзеге асыру, жоба авторларын өз кәсібін бастауға ынталандыру.
Жеке кәсіптерін осы бизнес-инкубатор арқылы бастаған университетіміздің білім алушылары әр түрлі салада жұмыстарының нәтижесін көруде. Оған дәлел: механика-математика факультетінің магистранты Абылғазина Мәншүк авторлық методикасын пайдалану арқылы «Discovery» оқу орталығын ашқан. Тарих факультетінің 4 курс студенті Хайруллин Жанболат «PVE Production» атты актерлік шеберлік мектебіне жетекшілік етіп жүр. Ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс білім алушысы, http://uchitelya.kz сайтының авторы Қабиев Асланның жобасы қазіргі уақытта үлкен сұрнысқа ие болып отыр.