4 Марта 2019
2019 жылдың 28 ақпанында «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ Ашық күнін өткізді.
Шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысып, оталықпен танысып қайтты.
Орталық басшылығы болашақ мамандарды жылы қабылдап, жұмыстарымен таныстырып, ғимаратты бірге аралады.
Атап айтқанда, қонақтарға персонал басқарудың «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі, оның негізінде Персонал басқарудың бірыңғай автоматтандырылған қызметі атты пилот жобасының іске асырылып жатқаны туралы толық баяндалды.
Әсіресе мемлекеттік қызметке орналасатын үміткерлерлердің тестілеуден өтуін ел көлемінде бақылайтын Ситуациялық орталық көпшіліктің көңілінен шықты. Олар тестілеу рәсімдерінің әбден анық, ашық әрі қол жетімді екенін өз көзімен көріп шығып, тест қорытындыларының адалдығына күмән келтірмеді.
Орталықтың Бас директоры Нұрғазиева Бану Ғаниқызы, Басқарушы директоры Данабеков Оңғарбай Жидебайұлы және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қонақтардың сұрақтарына жауап берді.