1 Июля 2019
5B011700 - Қазақ тілі және 5B020500 Филология: қазақ тілі мамандығының 2, 3 курстарының 117 студенті 2019-2020 оқу жылындағы кәсіптік тәжірибені Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында өтті (Ғылыми жетекшілері: ф.ғ.к., профессор Л.Ә. Еспекова, ф.ғ.к., доцент Қ.Қ. Сәрекенова, PhD Қ.К. Кенжалин, ф.ғ.к., профессор Ш. Құрманбаева, аға оқытушы К. Шаймерденова, ф.ғ.к., доцент Ж.К. Өмірбекова және ф.ғ.к., доцент С. Шоқабаева).
Аталмыш орталық латын алфавитіне негізделген жаңа әліпбиге, емле ережелерін әзірлеуге, тестілеуге, онлайн-қосымшаларды әзірлеуге, инновациялық АТ-технологияларды қолдана отырып, балалар мен ересектерге арналған электронды оқыту құралдарын, конвертерлік бағдарламалар менАТ-қосымшаларын, латын графикасы үшін мәтіндік корпус әзірлеуге қатысты жұмыстар атқаратыны белгілі. Сондықтан практикант студенттердің жұмыстары да осы мәселелер аясында жүргізілді.
Студент-практиканттар орталықтың ақпараттық технологиялар, қолданбалы лингвистика, емле, әдістемелік сондай-ақ баспа және редакциялық бөлімдеріне бөлінді. Тәжірибе барысында студенттер практика жетекшілері берген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады, өздері де көп нәрсені үйренді. Студенттер сонымен қатар филология ғылымдарының кандидаты, «Тіл Қазына» орталығының емле бөлімі меңгерушісі Анар Фазылжанова баяндама жасаған семинарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.