18 Ноября 2019
2019 жылдың 5 қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» КММ мен университеттің «Түлектер кеңсесімен» бірлесе ұйымдастыруымен “Green Tal" әлеуметтік шеберханасының жетекшісі және кәсіпкер Эмин Аскеровпен және бизнес-тренер Арман Ақбердиевпен «Нәтижелі жұмыспен қамту» тақырыбында кездесу өтті.
Тренингтің бірінші бөлімінде Эмин Аскеров студенттермен өз бизнесін дамыту тәжірибесімен бөлісті, шағын кәсіпкерлікті дамытуға шабыттандырды, тәуекелдерді басқару, бастапқы бизнесті жоспарлау және бақылау бойынша ұсынымдар мен кеңестер берді.
Өзінің жеке мысалында бизнесті қалай тиімді басқару керектігін, жаңа бастаған кәсіпкер тап болуы мүмкін қателіктерді қалай басқару керектігін және жұмыс істеу құралдары жайлы әңгіме қозғады.
Екінші бөлімде Арман Ақбердиев түйіндемені дұрыс және сауатты құрастыру, жұмыс берушімен сұхбаттасу тәртібі туралы, ізденушілердің қандай қателіктерге жол беретіні және жұмысқа орналасу кезінде міндетті түрде қай мәселеге назар аудару керек туралы толық ақпарат берді. Тренинг шеңберінде қатысушылар жұмысқа орналасу және өзін-өзі дамыту мәселелері бойынша кәсіби мамандардан практикалық кеңестер алды.
Студенттер өзекті тақырыпты талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойды. Спикерлер өз кезегінде өзінің кәсіби тәжірибесінде болған өмірлік мысалдармен бөлісті.