29 Ноября 2019
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Бітіруші түлектердің карьералық апталығының негізінде Физика-техникалық факультетінде 2019 жылдың 27 қарашасында «Еңбек нарығындағы тиімді іс-әрекеттер» атты іскерлік ойын өткізілді. Ойынға жұмыс беруші АҚ Қазақстан Ғарыш сапарынан Набиев Нұрлыбек Серикович, физика техникалық факультетінің деканы Нурмолдин Ерик Ерсалович, карьера және бизнес әріптестік бөлімінің басшысы Алдашева Лаура Советхановна, кафедра меңгерушілері, кафедра бойынша жауапты оқытушылар Сыздыкова А.М., Абдрашев О., Касымханова Р. және физика техникалық факультетінің 4 курс студенттері қатысты.
Іскерлік ойынның мақсаты: студенттердің төрт жыл бойында мамандықтары бойынша алған білімдерін қорытындылау. Болашақ іс жүргізушілер құжаттарды дайындау және рәсімдеудің жалпы ережелері бойынша білімдерін, жұмысқа қабылдау тәртібін үйрену.
Ойынның өту барысы:
Ойын 3 турдан тұрды.
Алдын-ала Aspan Group, Орда телеком, FY3 Group топтары құрылды.
1 тур – «Күрделіден дараға» (Слайд мамандығын немесе компаниясын таныстыру )
2 тур - Үй тапсырмасы
1. Резюме структурасын көрсету (Орда телеком тобы резюмені қалай дұрыс толтыру керек екендігін, қандай қателіктер жіберуге болмайтындығын көрсете білді);
2. Cұхбаттасу тікелей бетпе-бет;
3. Cұхбаттасу ұялы телефонмен;
3 тур - «Викторина» (ситуациялық тапсырмаларға жауап беру) Мысалы: Сіздің компанияңыз туралы БАҚ-на негативті мақалалар шықты. Сіз ол шындық екенін білесіз, бірақ бастығыңыз онымен келіспейді. Осы мәселені шешу алгоритміңіз қандай болады? Cізге бір үлкен мероприятия өткізу тапсырылды. Бірақ бюджет қаражаты жеткілікті емес, сіздің іс-әрекетіңіз? Осы сияқты ситуациялық сұрақтар студенттерге қойылды.
Ойын барысында АО Қазақстан Ғарыш сапарынан келген қонақтарымызға сұрақтар қойылды: жұмысқа сәтті орналасу үшін бітіруші түлекке берер мардымды ақыл-кеңесіңіз.
4. Әділ-қазылар алқасы өздерінің әділ шешімін шығарады. Ойын студенттер үшін өте қызықты өтті. Өз ойларын нақты әрі еркін жеткізе білді. Ойын соңында студенттерге алғыс хаттар үлестірілді. Қонақтарымыз қатысушыларға алғысын білдіріп, ризашылықтарын көрсетіп, өз ақыл-кеңестерін айтты.
Іскерлік ойын ұйымдастырушысы: Сыздыкова Арайлым Мерекеқызы