16 Апреля 2021
16 сәуірде Журналистика және саясаттану факультетінде бос орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл шара дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, бітіруші курс студенттеріне журналистика және саясаттану бағытындағы бос вакансияларды таныстырады
Аталмыш шараны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Е.Б. Сыдықов ашып берді. Ректор бітіруші курс студенттеріне сәттілік тілеп, журналистика және саясаттану факультеті түлектерінің нарықтағы сұранысының жоғары екендігіне тоқталды. Сонымен қатар келесі сөзді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор Е.Ә. Оңғарбаев жалғап, еңбек нарығындағы жағдайға тоқталды.
Келесі сөзді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Қашқынбай Байжұман Балтабайұлы алып, жәрмеңкеге қатысуға қосылған жұмыс берушілермен танысып, сәттілік тіледі.
Факультет деканы, профессор Қ.Ө.Сақ жұмыс берушілермен студенттерді таныстырып, факультеттің өзіндік ерекшелігіне тоқталды. Қайрат Өмірбайұлы факультеттегі білім бағдарламаларымен таныстырып, әр мамандықтың ерекшелігін атап өтті.
Атап айтатын болсақ, бос орындар жәрмеңкесіне «Хабар агенттігі», «Қазақстан ұлттық телерадиокорпорациясы», «Қазақ радиолары» ЖШС, «Нұр-Отан» партиясы, «Түркістан» халықаралық газетінің редакциясы, Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газеті, ҚР Орталық Сайлау комиссиясы, «Қазақстан ұлттық телерадиокорпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалы мен Семей қалалық филиалдарының директорлары, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ тағы да басқа мекемелер қатысты.
Онлайн форматта Тимс бағдарламасымен өткен жәрмеңке факультетіміздің бітіруші курс студенттеріне өте пайдалы болып, басқосу жиын соңына қарай сұрақ-жауап форматына ұласты.