
ЕҰУ студенті Ерғали Шәмей – пара дзюдодан пара олимпиаданың күміс жүлдегері

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3 курс студенті Ерғали Шәмей дзюдодан пара олипиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Әлемдік дода Францияның Париж қаласында өтіп жатыр.
Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. ЕҰУ студенті Франция, Германия спортшыларын J1 (көзі мүлдем көрмейтін) санатында жеңді. Ол ақтық сында тек румындық балуанға жол берді.
ЕҰУ талантты студенті - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, пара дзюдодан Әлем және Азия чемпионы.
Париж олипиадасын нағыз бағымыз жанған бәсеке деп сеніммен айта аламыз. Бұл күні үш отандасымыз татамиге шығып, үшеуі де финалдық кезеңге жолдама алды. Бірінші болып қола жүлдеге таласқан Даяна Федосова J2 санатының 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде түркиялық қарсыласын жеңіп, Параолипиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал финалға дейін қарсылас шыдатпаған ЕҰУ студенті Ерғали Шәмей алғашқы айналымда татами иесін, артынша неміс спортшысынан басым түсті. Алтын жүлденің иесі анықталған тұста J1 класында 73 келіге дейінгі санаттың өкілі бітіспес қарсыласымен тағы да жолы түйісті. Белдесуде өкінішке қарай жерлесіміз қарсыласына есе жіберіп жазғы ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Пара олипиада ойындарының күміс жүлдегері – ЕҰУ студенті «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша инклюзивті топтың үшінші курсында білім алады.
Оның жеке жаттықтырушысы - ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәурен Оразов.
Ерғали Шәмейді Күміс медалімен құттықтаймыз!
