
«Жасанды инттелект дәуіріндегі психологиялық денсаулық»

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Психология кафедрасының доцент м.а., психология ғылымдарының кандидаты Мандыкаева Алмагүл Рамазанқызы профессор, психология ғылымдарының докторы С.М. Жақыповты еске алу және туғанына 75 жыл толуына арналған «Қазақстандағы және әлемдегі Психология: тәжірибесі, тенденциялары, келешегі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысында «Жасанды инттелект дәуіріндегі психологиялық денсаулық» тақырыбында баяндама жасады. Халықаралық - ғылыми практикалық конференция Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл- Фараби кітапханасында өтті.
Конференция аясында Қазақстан Республикасы бойынша студенттер арасында «Жақыпов оқулары - 2025» атты байқау ұйымдастырылған. Байқаудың жеңімпаздары Психология мамандығының 4 курс студенті Сағымбаева Құралай (ғылыми жетекшісі доцент м.а. Мандыкаева А.Р) мен Психология мамандығының 3 курс студенті Серікпай Айдана (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Айтышева А.М.) III орын ДИПЛОММЕН марапатталды. Біздің университетімізден байқауға қатысып үздік көрсеткіш көрсеткен Сағымбаева Қ., Серікпай А., Жандәулетқызы Ш., Дәулетбек С., Бекболатқызы Ф., Жақсыбай А. студенттерін Республикалық қоғамдық бірлестіктің Президенті пс.ғ.д., профессор Перленбетов Мұхан Әтенұлы «Қазақ психологиялық қоғамына» мүше ретінде тағайындап, куәліктер табысталды.
