
Жаратылыстану ғылымдары факультеті жетекші қытай инжиниринг компаниясы JSTI Group өкілдерімен кездесті

Бүгін Жаратылыстану ғылымдары факультетіне көлік саласындағы жетекші қытай ғылыми-зерттеу институты JSTI Group Co Ltd компаниясының өкілдері келді.
- JSTI автомобиль жолдарын жобалау және салу саласында, сондай-ақ жол құрылысы саласының нормативтік-техникалық базасын реформалау саласында бай тәжірибеге ие.
- Бүгінгі таңда JSTI Group әлемдік топ-150 инжиниринг компанияларының рейтингінде 56-шы орында тұр.
Кездесу факультет деканы Берденов Жарас Ғалымжанович, химия кафедрасының меңгерушісі Көпішев Эльдар Ертайұлы және зерттеуші Сейтенова Ғайни Жұмағалиқызының қатысуымен өтті.
Ғылым мен білім беру саласындағы одан әрі ынтымақтастық келешектері, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
ШЫҰ мүше елдеріне арналған бірлескен ғылыми гранттар бағдарламасы аясында жобаға алдын ала өтінім берілді.
Біз инжиниринг саласындағы халықаралық көшбасшылармен өзара іс-қимыл ғылыми зерттеулерді дамыту және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау үшін маңызды қадам болатынына сенімдіміз.
