
Халықаралық қатынастар факультетінде «Заң мен тәртіп, ар мен ұят» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

2025 жылғы 15 және 16 қыркүйекте (сағ. 14:00 және 09:10, УАК 215/238) халықаралық қатынастар факультетінде «Спорт журналистикасы» мамандығының СЖ-11 тобы (15 студент) және «Халықаралық қатынастар» мамандығының ХК-11,13 топтары (16 студент) «Заң мен тәртіп, ар мен ұят» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Шараны шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары А.Қадысқызы мен Р.Т.Хасенова ұйымдастырды.
Бұл іс-шара халықаралық қатынастар факультетінің шетел тілдері кафедрасының жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, Президент Жолдауына және дәстүрлі қазақ құндылықтарындағы адалдық пен әділеттілік идеяларына арналды.
Мақсаты:
- студенттерді ҚР Президентінің Жолдауының негізгі идеяларымен таныстыру;
- дәстүрлі қазақ құндылықтарындағы адалдық пен әділеттілік ұғымдарын тереңірек түсіндіру;
- студенттерде заңға құрмет, адамгершілік пен адалдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелде студенттер Президент Жолдауын талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Олар өз ойларын білдіріп, пікір алмасты.
Заң мен тәртіп — бұл әлеуметтік үйлесімнің негізі. Заң барлық азаматтардың теңдігі мен құқығын қорғайтын ережелерді қамтиды. Біз заңды орындаймыз, өйткені ол әділеттілікті қамтамасыз етеді. Егер заң сырттан реттесе, ар мен ұят — ішкі құндылық болып табылады. Әрқайсымыз өз жұмысымызды адал атқарып, айналамызға әділдікпен және сыйластықпен қарасақ, еліміздің болашағы да жарқын болады!
Іс-шараға ХҚФ деканының м.а. А.К.Купаева, факультет деканының орынбасары Р.Е.Кусаинова, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Л.К.Мейрамбекова, кафедраның қауымдастырылған профессоры А.М.Есенғалиева қатысты. Дөңгелек үстел соңында студенттер мен оқытушылар өз ойларымен бөлісіп, естелікке суретке түсті.
