
ЕҰУ профессоры ҚР Көлік министрлігінің жас қызметкерлерімен Ел Президенті Жолдауының негізгі тезистерін талқылады
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
18.09.2025 90

Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Еуразия тарихы мен мәдениеті» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Сатай Сыздықов ҚР Көлік министрлігінің жас қызметкерлерімен кездесу өткізді, оның барысында Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауының өзекті мәселелерін түсіндіріп, олармен талқылады.
Жиында Жолдауда аталған маңызды мәселелер, оның ішінде әсіресе, жастардың алдына қойылған жасампаздық пен жаңашылдық идеясы, жасанды интеллект және цифрлық Қазақстан, қоғамдағы заңдылық, әділдік және тәртіп қағидаттары сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Шараға қатысушы жастар Жолдауда айтылған өзекті мәселелерге үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде өзіндік пікірлерімен алмасты.
Бөлісу:
