
ЕҰУ-да үздік жаппай ашық онлайн курстардың (ЖАОК) авторлары марапатталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында Онлайн оқыту департаменті «Үздік ЖАОК» байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – жоғары білім беру саласын цифрландыруды, қашықтан оқыту мәдениетін дамыту және сапалы цифрлық білім беру контентін әзірлейтін оқытушыларды қолдау.
Жаппай ашық онлайн курстар әдістемелік құндылығы, интерактивтілігі, материалдың қолжетімділігі және тыңдаушыларды тарту деңгейі сияқты бірқатар критерийлер бойынша бағаланды. Жеңімпаздар іріктеу нәтижесінде ұсынылған цифрлық жобалардың артықшылықтарын айқындайтын ерекше номинациялар бойынша анықталып, салтанатты түрде марапатталды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
- «Үздік интерактивті коммуникация» - Лилия Мұқажанова;
- «Инклюзивті білім беруге қосқан үлесі үшін» - Бибігүл Дүйсенбаева;
- «Цифрлық форматтағы биогеография» - Жансұлу Инкарова;
- «Қызықты материал беру» Талғат - Ахажанов;
- «Ең көп қаралған курс» - Дәурен Матин.
«Жылдың белсенді авторы» - бұл жоғары марапатқа үш оқытушы ие болды:
- Қырмызы Балабекова;
- Қуаныш Балтабаев;
- Күлшат Ақанова.
«Өзіміздің онлайн-курстарды дамыту - ЕҰУ-дің халықаралық білім беру кеңістігіне жаһандық ықпалдасуындағы маңызды қадам. 30 жыл ішінде университетіміз классикалық жоғары оқу орнынан Қазақстандағы білім беруді цифрлық трансформациялаудың көшбасшыларының біріне айналды. Біздің оқытушылар биогеографиядан бастап инклюзивті білім беру бағдарламаларына дейінгі күрделі ғылыми пәндерді мыңдаған тыңдаушылар үшін қолжетімді, интерактивті әрі қызықты ете алатынын дәлелдеп келеді», – деп атап өтті Цифрландыру жөніндегі проректор Гүлмира Бекманова.
Жеңімпаздар құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Олар әзірлеген онлайн курстар ЕҰУ-дің білім беру платформаларында өз жұмысын жалғастырып, университет студенттері үшін сапалы білім алуға мүмкіндік береді.
