ЖОО-дағы білім беру қызметі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған қызмет, сонымен қатар білім, біліктілік және дағдыларды жинақтай отырып, білім алушыларға арнайы кәсіп бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құзыреттерді қалыптастыратын біртұтас, мақсатты оқу процесі болып табылады.
Университеттің білім беру қызметінің мақсаты – еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау.
Оқу іс-әрекетінің негізгі бағыттары:
- оқу үдерісін жоспарлау;
- оқу үдерісін ұйымдастыру;
- оқу-әдістемелік жұмыс;
- студенттердің практикасын және бітіру жұмыстарын ұйымдастыру;
- мансатты жоспарлау және түлектердің жұмысқа орналасуын сараптау.
Білім беру қызметі білім берудің үш деңгейінде: бакалавриат, магистратура және докторантурада білім беру бағдарламаларын жүзеге асырумен тікелей байланысты.