Құрметті Ерлан Бәтташұлы!
Өзіңізге мәлім болғандай, 2019 жылғы 15 мамыр күні Халықаралық Түркі академиясы ЮНЕСКО-мен бірлесіп, ұйымның Париждегі штаб-пәтерінде «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі» атты халықаралық форум өткізді.
Сәтті өтіп, түрк әлемінің халықаралық аренадағы беделін арттыра түскен форумға өзіңіздің ықпалыңызбен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары да қатысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылауға және тарихты жаңадан пайымдауға өз үлестерін қосты.
Осы ретте, алқалы жиынның мәртебесінің артуына, Академия қызметінің өрге басуына көрсеткен қолдауларыңыз үшін зор алғыс білдіремін.
Құрметпен, Дархан Қыдырәлі