Дата публикации: 20.11.2012 14:31:06
Кұрметті, Ерлан Бәттәшұлы! Студенттер үйлеріндегі бұрынғы тәртіп қалу керек деп есептеймін! Кім қандай жатақханаға лайық, сол жатақханада тұруы керек бүрынғыдай. Жанүя жағдайларына байланысты, студенттердің белсенділігіне, тәртібіне байланысты жатақтарға бөлінуі керек қой! әркімнің жанүя жағдайы әр түрлі, бір жанұялар балаларының факультеті бойынша тұру керек студенттер үйінің ақысын төлеуге қаражаттары жетпеуі де мүмкін. Студенттердің жағдайын түсіну керексіздер ғой, жаңа бөлмелес студенттерге үйренудің өзі оңай нәрсе емес қой. Бір жыл, екі жыл дегенде әрең үйренгенде қайтадан жаңа адамдарға үйрену....түсінсеңіздер болар еді. Психологтардың айтуынша да АДАПТАЦИЯ белге бууы қиын шаруа! Бұл өзгертулер нәтижесінде кересінше, студенттер арасында кикілжің бұрынғыдан бетер көбеюі мүмкін. Жатақханада тұратын студенттер атынан өтініп сұраймын. Тәртіп пен ережелер бұрынғыдай болып қала берсінші, студенттердің пікірімен санасуларыңызды және біздерді түсінулеріңізді өтінеміз! Тіпті керек болса, жалынып та сұраймыз!!!
Сәлеметсіз бе, Алуа!
Хат жазып, өз пікіріңізді білдіргеніңізге рахмет! Студенттер жатақханаға тұру барысында олардың бәрі тең құқылы. Бірақ тәрбие жұмысын, тәртіпті жетілдіру үшін ЕҰУ әкімшілігі факультет бойынша тұру дұрыс деп шешті. Сіз болашақта маман ретінде кез келген жерде, кез келген адаммен тіл табысып, қандай жағдай болсада бейімшіл болуыңыз керек. Соның дағдылары университетте қалыптасады. Біз соны үйретеміз.
Құрметпен, Рамазан Саттарұлы, студенттер үйлері дирекциясының директоры