Дата публикации: 16.01.2013 00:37:26
Саламатсызба ректор мырза. Қазіргі уақытта мен Арқалық мемлекеттік Педагогикалық институтында Педагогики и филология Факультеті, Педагогика және Психология мамандығының 4-ші курс студентімін. Магистратураға түскім келеді, сонымен қатар грантка. Бұл үшін маған қандай құжаттар қажет және емтиханды тапсыру күнінен нақтырақ хабардар болсам. Рахмет.
Құрметті Диас!
Магистрарураға түсу үшін Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 Үкімет қаулысына сәйкес талапкерлер мынадай құжаттарды тапсырады: 1) ұйым басшысының атына өтініш; 2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі; 3) интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін); 4) Test of English as a Foreign Language, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (шекті балл – С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл – С 1), Diplome d,Etudes en Langue francais (DELF, шекті балл – В 2), Diplome Approfondi de Langue francais (DALF, шекті балл – С 1) Test de connaisances de francais (TCF, шекті балл – кемінде 400) бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса); 5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін); 6) 3×4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет; 7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама; 8) жеке куәлігінің көшірмесі; 9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса). Жоғары оқу орындарының магистратурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі, түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу (грантқа) емтихандарының қосындысында жоғарыда аталған Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.