Дата публикации: 26.01.2013 23:31:21
Сәлеметсіз бе, Ерлан Батташевич! Мен қаржы; есеп және аудит мемандықтары бойынша келесі сұрақтарды қойғым келеді:
1. Осы мамандықтарға түсу үшін неше балл жинау керек?
2. Осы мамандықтарды алған соң қандай жұмыс орнында істеуге болады?
3. Сіздердің оқу орындарыңызда ауылыдқ квота ескеріледі ме?
Сәлеметсізбе!
Сізге, ҰБТ тапсырғаннан кейін 23-31 шілде аралығында өтетін білім беру грантын бөлу конкурсына қатысуыңыз керек. Конкурсқа тапсырған кезде құжаттарынызбен бірге республикалық ғылыми жобалар жарысындағы және ғылыми-практикалық конференциясының дипломдарының көшірмелерін қосуыңыз қажет, мемлекеттік білім грантын ұтып алу мүмкіншілігін пайдалануға құқыңыз бар. Білім беру грантын ережесі бойынша білім гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.