Дата публикации: 08.04.2013 17:27:31
Ассалямуалейкум, қояр сұрағым, мен Шымкентте М.Әуезов атындағы ОҚМУ - да грантта "Радиотехника, электроника және телекоммуникация" мамандығы бойынша оқып жатырмын, 2-ші курста ЕҰУ-ге "туризм" мамандығына ауысқым келеді. Сол 3-ші курстан бастап жалғастыра аламын ба, грант сақталады ма, қандай пәндерден тапсырам, осы сұракка толык жауап берсеңіз, үлкен рахмет.
Мамандықтан мамандыққа немесе жоғары оқу орнынан басқа жоғары оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы демалыс кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады. Басты талаптың бірі - анықталатын пән айырмашылығында мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жалпыға міндетті білім беру пәндерінің саны 5 пәннен аспауы тиісті. Егер грантпен оқитын болсаңыз, грантыңыз сақталмайтындығын ескертеміз. Өйткені Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талабы боййынша ұлттық университетке басқа ұлттық университеттен нақты сол мамандыққа ауысқан жағдайда ғана сақталады. Ауысу кезінде Сіздердің тараптан талап етілетін құжаттар тізімі төмендегідей: 1 Өтініш – студенттің өзі оқып жүрген ұйым басшысының келісімі және елтаңбалы мөрмен расталған қолы болуы қажет. 2. оқу бөлімінің бастығы (оқу-әдістемелік бөлімі немесе басқарма), факультет деканы растаған, мөр басылған сынақ кітапшасының көшірмесі немесе транскрипт; 3. Қажетті құжаттардың көшірмелері: а) ЖОО-ның лицензиясы; б) қажетті мамандығы көрсетілген оқып жатқан ЖОО лицензиясының қосымшасы; в) Сертификаттың көшірмесі.