Дата публикации: 25.05.2013 12:59:53
Армысыз, мен осы университеттің 3 курс студенті едім. Сізге сауалым: Мен 1 және 2 курс кезінде 3 сабақтан жазғы оқуға қалып едім. Белгілі себептермен жазда оқи алмадым. Бұл ретте осы қалған оқуларымды күзде оқу басталғанда қысқы семестрмен оқуға мүмкін бе?
Рахмет.
Салеметсіз бе!
«Кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру жөніндегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ережесіне» сәйкес пән айырмашылықтарын семестр ішінде оқып тапсыруға басқа оқу орнынан, басқа мамандықтан ауысқан студенттерге, академиялық демалыстан шыққан студенттерге және академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып келген студенттерге рұқсат беріледі. Бұл жағдайдың өзінде де оқылатын пән басқа бакалавриат топтарында жоспарға сәйкес жүргізілуі қажет және студенттің сабақ кестесіне кедергі келтірмеуі тиісті.
Сіздің жағдайда академиялық қарызды жазғы семестрде ақылы негізде оқып тапсыруға ұсыныс жасалады. Бұлай болмаған жағдайда келесі оқу жылында оқуды аяқтай алмай қалу қауіпі бар.