Дата публикации: 28.05.2013 20:43:13
Сәлеметсіз бе! Мен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 1 курс студентімін. Мұнай-газ және механика институтында оқимын. Мамандығым - мұнай-газ ісі. Грантта оқимын. Сол грантпен ЕҰУ-ге ауысуыма болады ма? Егер болса, кандай құжаттар қажет?.
Сәлеметсіз бе!
Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мамандар даярланбайды. Ал Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген талаптарға сәйкес мемлекеттік білім беру гранты дәл сол мамандыққа ауысқан жағдайда және біздің жоғары оқу орнымыз ұлттық университет болғандықтан, басқа ұлттық университеттен ауысқан жағдайларда ғана білім беру гранты сақталады.
Мамандықтан мамандыққа немесе жоғары оқу орнынан басқа жоғары оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы демалыс кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады. Ауысу кезінде қойылатын басты талаптың бірі - анықталатын пән айырмашылығында мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жалпыға міндетті білім беру пәндерінің саны 5-уден аспауы тиісті. Сіздің 1-курсты аяқтаған соң жазғы демалыс кезінде (10 шілде-25 тамыз) Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да бар басқа мамандықтардың біріне ақылы негізде ауысу мәселесін қарастыруға өтініш беруге мүмкіндігіңіз бар.
Ауысу кезінде студенттен талап етілетін құжаттар тізімі төмендегідей:
1 Өтініш – студенттің өзі оқып жүрген ұйым басшысының келісімі және елтаңбалы мөрмен расталған қолы болуы қажет.
2. оқу бөлімінің бастығы (оқу-әдістемелік бөлімі немесе басқарма), факультет деканы растаған, мөр басылған транскрипт;
3. Қажетті құжаттардың көшірмелері:
а) ЖОО-ның лицензиясы;
б) қажетті мамандығы көрсетілген оқып жатқан ЖОО лицензиясының қосымшасы;
в) ҰБТ сертификатының көшірмесі.
ҰБТ сертификаты бойынша балл саны 60 баллдан төмен болмауы қажеттілігі және 3-курстан соң ауысу жүзеге асырылмайтындығы туралы мәліметтер қосымша ақпарат ретінде ұсынылады.