Дата публикации: 24.10.2013 00:46:25
МЕН КӨКНОВ АҚЖОЛ БАУЫРЖАНҰЛЫ ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КАЗИИТУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 2 КУРС ЭКОЛОГИЯ МАМАНДЫГЫ БОЙЫНША ОКЫП ЖАТЫРМЫН СИЗДИН УНИВЕРГЕ АУЫСУЫМА БОЛАМА????
Ауысу қысқы сессиядан кейін немесе жазғы сессиядан кейін демалыс кезеңдерінде жүзеге асырылады.
Сіздің 1-семестрді аяқтағаннан кейін ақылы негізде ауысуға мүмкіндігіңіз бар.
Ауысуға қажетті құжаттар:
1. Өтiнiш – студенттiң өзi оқып жүрген ұйым басшысының келiсiмi және елтаңбалы мөрмен расталған қолы болуы қажет.
2. ЖОО-ның лицензиясының көшірмесі;
3. қажеттi мамандық көрсетiлген лицензияға қосымшаның көшірмесі;
4. оқу бөлiмiнiң бастығы (оқу әдiстемелiк бөлiмi немесе басқарма), факультет деканы растаған, мөр басылған транскрипт;
5. ҰБТ сертификатының көшірмесі (4 пән бойынша 70 балдан кем болмауы тиісті);
6. грант куәлiгiнiң (егер студент иегер болса).
Егер грантыңыз болса, мемлекеттік университеттен ұлттық университетке ауысу барысында ҚР БҒМ талабына сәйкес мемлекеттік білім беру гранты сақталмайды. Сондай-ақ, ауысу барысында үлгерім бағаларында «3» бағасы болмауы тиісті.