Дата публикации: 15.11.2013 22:30:52
салеметсизбе,мен 2014 жылғы түлекпін мен география пәнің тандап жатыр едім,мен ҰБТ дан қанша балл алсам әлеуметтік жұмыс немесе менеджмент мамандығына түсе аламын сізден ақыл сұрайын деп едім
Сәлеметсіз бе, Абылай!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «19» қаңтардағы №111 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» жалпы ережесіне сәйкес жоғары оқу орнына түсуші тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру грантын иелену жыл сайын конкурсқа қатысатын абитуриенттер саны мен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына бөлінетін мемлекеттік грант санына сәйкес конкурстық негізде анықталынады. Сіз қызығушылық танытып отырған мамандықтарға келетін болсақ, 2013 жылғы қабылдау бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде грантқа түсушілердің ең төменгі балдары келесідей болды:
№ |
Мамандық атауы |
Қазақ бөлімі |
Орыс бөлімі |
---|---|---|---|
1 |
5В090500 – Әлеуметтік жұмыс |
85/87 |
72/80 |
2 |
5В050700 – Менеджмент |
98/90АБ |
87/100АБ |
Ескертпе: алымы – ауылдық квота бойынша грант иеленгендер; бөлімі – жалпы конкурс бойынша грант иеленгендер; АБ – «Алтын белгі» иегерлері.
Қосымша ақпаратты университеттің сайтынан қарауыңызға болады.
Сізге сәттілік тілейміз!