Дата публикации: 01.06.2012 07:46:51
Саламатсыз ба) Калыныз калай Бакытжан Жарылкасынович!Мен Алматы облысы Ушконыр ауылындағы мектеп гимназияда 11сынып окимын) Таңдау пәнім адебиет, иншАллах ЕНУ-га тускім келеді, журналистика факультетіне не \месе филологияга)гранттын баллдарын канша осы екі факультетке? шығармашылық конкурстар болады ма? рахмет))
Саламатсыз ба, Еркежан!
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналист мамандарын дайындайды, сондықтан Сіз университетімізге аталған мамандыққа құжаттар тапсыра аласыз. Ол үшін Сіз құжаттарыңызды 2011 жылғы 30 маусымға дейін ЕҰУ-дың қабылдау комиссиясына өткізіп, шілде айының 2-7 күндері өтетін шығармашылық емтихандарға қатысуыңыз қажет. Шығармашылық емтихандар екі шығармашылық пән бойынша қабылданады. Сіз білім беру гранттарының конкурсына ҰБТ нәтижесі бойынша немесе шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша өтініш беріп, қатыса аласыз.