Дата публикации: 01.06.2012 07:47:32
Сәлематсыз ба!Мен 2011жылғы өткен ҰБТдан 73(91)балл алдым.Таңдау пәнім физика еді.Сізге қояр сұрағым:-Осы баллмен ЕНУға грантқа түсуіме мүмкіндік бар ма?барлык сабагым 5-4!
Саламатсызба, Гүлжайна!
Сіз 23-31 шілде аралығында өтетін білім беру грантын бөлу конкурсына қатыса аласыз. Білім грантын конкурсына қатысу үшін Сізге жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, біліміңіз туралы құжат (түпнұсқа), ҰБТ сертификаты, 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесiн өткiзуіңіз керек.
2010 жылғы грантқа өту балы біздің сайтта (www.enu.kz) көрсетілген, олармен сол жерден танысыңыз. Сұрақтарыңыз болса қабылдау комиссиясына хабарласуыңызға болады, телефоны (8-717-2) 35-78-16.