Дата публикации: 01.06.2012 07:47:38
Салеметсіз бе! Мен- Ақмарал.Алматы қаласының Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-нің студентімін. Автоматтандыру және басқару мамандығында оқимын.3 курсқа өттім. ГРАНТта оқимын. Отбасылық жағдайға байланысты ЕҰУ-ке Автоматтандыру және басқару мамандығына ауысқым келеді. Ауыса алам ба және грантым сақталады ма? жауабыңызды асыға кутемін... рахмет...сау болыңыз!
Саламатсыз ба, Ақмарал!
Бекітілген тәртіпке сәйкес Сізге ауысып қабылдануыңызға мүмкіндігіңіз бар, ол үшін төмендегі құжаттарды дайындап, өткізіңіз:
1. Өзіңіз оқып жүрген ЖОО басшысының келісімі, мөрбасылған;
2. Қажетті құжаттардың көшірмелері:
- ЖОО лицензиясы;
- Қажетті мамандық көрсетілген лицензияға қосымша;
- Сертификаттың және білім гранты куәлігінің көшірмелері;
3. Транскрипт немесе сынақ кітапшасының көшірмесі мөр басылып, расталған;
4. Мемлекеттік аралық бақылауды өткендігіңіз жөнінде анықтама.
Құжаттарды жазғы каникул кезінде тамыздың 20-на дейін тапсыруыңыз қажет. Егер Сіз сол 3-курсқа қабылдансаңыз, мемлекеттік білім грантыңыз жоғалтылмайды.