Дата публикации: 01.06.2012 07:47:38
салеметсизбе!! мен ЕНТ дан 112 балл жинадым, орыс тілді алып тастағанда 91, экономика факультетине грантка тусе аламба? немесе кагдай мамандыка грант болады
Саламатсызба, Айдана!
Сіз 23-31 шілде аралығында өтетін білім беру грантын бөлу конкурсына қатыса аласыз. Білім грантын конкурсына қатысу үшін Сізге жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, біліміңіз туралы құжат (түпнұсқа), ҰБТ сертификаты, 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесiн өткiзуіңіз керек.
Конкурстын нәтижесі тамыздың 10 жарияланады.
Былтырғы жылы (2010ж.) география пәніне сәйкес мамандықтар бойынша грантқа өтудің төменгі баллдары мынадай:
- экономика 97А
- менеджмент 96А
- қаржы 98А
- есеп және аудит 97А
- мемлекеттік және жергілікті басқару 97А
- туризм 93
- география 93
- әлеуметтік жұмыс 96
- геодезия және картография 91
«А» дегеніміз «Алтын белгі» иегерін білдіреді.
Бірақ биыл басқаша болуы да мүмкін, ол мамандыққа тапсырған талапкерлердің саны мен сертификат баллдарына байланысты.
Сұрақтарыңыз болса қабылдау комиссиясына хабарласуыңызға болады, тел.
(8-717-2) 35-78-16.