Дата публикации: 01.06.2012 07:47:41
Салеметсизбе!!!менин сурагым физикадан гранттардын жане факультеттердин тизимин жазып жыберсениз.85 орыс тылсыз автоматизация и управление ге грант болама соны билейн деп едим)))
Саламатсыз ба, Айдана!
Сіз ҰБТ тапсырғаннан кейін 23-31 шілде аралығында өтетін білім беру грантын бөлу конкурсына қатысуыңыз керек, құжаттарды тек өзіңіз тапсыра аласыз. Білім гранты конкурсына қатысу үшін Сізге жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, біліміңіз туралы құжат (түпнұсқа), ҰБТ сертификаты, 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесiн өткiзуіңіз керек.
Былтырғы жылы (2010ж.) «Автоматтандыру және басқару» мамандығының мемлекеттік білім гранттарына 92 –ден жоғары балл жинаған талапкерлер ие болған.
Сұрақтарыңыз болса ЕҰУ-дың қабылдау комиссиясына мына телефонға хабарласуыңызға болады (8-717-2) 35-78-16.