Дата публикации: 01.06.2012 07:47:41
Салеметсіздерме!!! Мен ҰБТ-дан 115 жинадым. Таңдау пәнім дүние жүзі тарихы. Таңдау пәнімнен 23, орыс тілі-21, қазақ тілі-23 математика-24, қазақстан тарих-24. Орыс тілсіз 94. Алтын белгімді ақтадым. Мен енді құқықтану факультетіне түсе аламба?
Сәлеметсізбе, Еркін!
Сізге 23-31 шілде аралығында өтетін білім беру грантын бөлу конкурсына қатысуыңыз керек. Білім беру грантын тағайындау ережесі бойынша білім гранттарын алуға конкурс өткізілген кезде"Алтын белгі" төсбелгісімен марапатталған оқушылардың басым құқығы болады. Конкурстың нәтижесі тамыздың 10 жарияланады. Өткен жылы бұл мамандыққа «Алтын белгі» иегерлері толық қабылданған болатын.