Дата публикации: 01.06.2012 07:47:45
Саламатсыз ба Бакытжан Жарылкасынулы!Менин аты-жоним-Таджибаева Самал! Мен 11-сыныпты битирген талапкермин! Менин тандаган бесинши паним-агылшын тили! Сизге коятын бирнеше сауалым бар:
1)Аударма исине жылына оку акысы канша?
2)2 немесе 3-курста баска факультетке,ягни экономика жагына ауысып кете аламын ба?
3)Сондай-ак,егер мен грантты иелене алмасам,ягни,коммерциялык толем аркылы тусетин болсам,онда мен кужаттарды кай уакыт аралыктарында тапсыра аламын?
4)Жане мен агылшын тилин тандай тура,халыкаралык катынастар мамандыгына тусе аламын ба? жане онын да жылдык оку акысы канша?
Сиздин менин сауалыма жауап береди деген ойдамын! Коп рахмет!
Саламатсызба, Самал!
«Аударма ісі» мамандығының жылдық төлемақысы 650 000 теңге. Таңдау пәні ағылшын тілі болатын басқа да мамандықтарға ақылы оқуға тапсыруыңызға болады, бірақ бізде қабылдауға қойылатын шектеулер бар. Атап айтқанда мамандықтарға байланысты ақылы оқуға қабылдаудың төменгі балы 60, 70 немесе 75 болып бекітілген. Ол туралы қабылдау комиссиясынан біліңіз, телефоны
(8-717-2) 35-78-16. Егер Сіз 70-тен жоғары балл жинасаңыз, «Халықаралық қатынастар» мамандығына ақылы бөлімге түсе аласыз, оқудың жылдық төлемақысы 690 000 теңге.
2-3 курста басқа мамандыққа ауысу қиын болады, себебі белгіленген тәртіпке сәйкес мамандықтан-мамандыққа ауысу тек ақылы оқу түрінде жүргізіледі және пән айырмашылықтары міндетті пәндер бойынша 5-ден аспауы керек, яғни курс өскен сайын айырмашылық арта береді.