Дата публикации: 01.06.2012 07:47:59
Саламатсызба?мен 11 сыныпта окимын.5 паним агылшын тили.ЕНУ га окуга туским келеди.(переводчиское дело,Иностранный язык: два иностранных языка,)осы факультеттерге канша грант болинеди?)ал акылы болса канша толеу керек жылына?тусу балы канша?*
Сәлеметсізбе, Балауса!
Білім гранты бойынша 2011 оқу жылына «Аударма ісі» мамандығына 120 орын, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығына 610 орын бөлінген болатын. Осы жылда «Аударма ісі» мамандығына 91, «Шет тілі: екі шет тілі» 80 баллдан жоғары жинаған талапкерлер мемлекеттік білім гранттарын ұтып алған. Грантты ұтып алу бөлінген грант саны мен
конкурсқа құжаттарын тапсырған талапкерлердің ҰБТ көрсеткіштері мен мектеп қабырғасындағы жетістіктеріне байланысты. Сондықтан Сіз мектепті мүмкіндігінше жақсы көрсеткіштерімен бітіріп, ҰБТ-дан жоғары балл жинауыңыз қажет. Осы құжаттарыңызды жыл сайын ұйымдастырылатын қабылдау комиссиясына тиісті мерзімде (23-31 шілде аралығында) конкурсқа қатысу үшін өткізіңіз. Бұл мамандықтардың оқу төлем ақысы 650 000 теңге құрайды.