Дата публикации: 01.06.2012 07:48:07
Саламатсызба! Мен Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 4-курс студентімін. Білгім келгені: биыл дипломымды алып осы ЕҰУ-ға "Сәулет" мамандығына екінші мамадық ретін оқуға тапсырсам деген ойым бар, оқу жылы неше жыл? қай курстан бастап оқимын? Грантқа ілінуге болама? қандай мүмкіншіліктері бар грант иеленудің?
менің ақылы оқуға шамам жетпейді, грант бөлінетін болса түсудің мүмкіншіліктерін айтсаңыз...
Алдын ала рахмет!
Сәлеметсіз бе, Үсен.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жедел түрде екінші мамандыққа оқыту формасы жоқ. Егер кешкенді тест тапсырып, қайтадан 1-курстан бастап оқитын болсаңыз онда оқуыңызға болады. «Сәулет» мамандығы бойынша оқу мерзімі 5 жыл. Егер бірінші оқуыңызды ақылы түрде оқысаңыз, онда кешенді тест қортындысы бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайндау конкурсына қатыса аласыз.