Дата публикации: 01.06.2012 07:48:08
Саламатсыз ба! Мен Астана қаласы,Қазақ гуманитарлық заң университетінде юриспруденция мамандығында оқимын. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ не ауысқым келеді,және юриспруденция мамандығы бойнша гранттар бар ма бөлінетін?
Құрметті Самат!
Басқа жоғары оқу орнынан ауысуға әрбір емтихан сессиясынан кейінгі демалыс кезеңдерінде рұқсат беріледі. Заңтану мамандығы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да бар. Бірақ 3-курстан кейін ауысуға рұқсат берілмейді. Ал мемлекеттік білім беру гранттарына ҚР БҒМ босаған білім беру гранттарына жариялаған конкурс бойынша орын болған жағдайда қатыса аласыз.